БҚО-да үйінде оқшаулану талабын бұзғандар 6 млн теңге айыппұл төледі

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 1 қазаннан бері үйінде оқшаулануы тиіс 55 адамның карантин талабын бұзғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен мәлім еткеніндей, олардың ішінде коронавирус жұқтырған 45-інің «қызыл», ауырғандармен қарым-қатынаста болған 10 адамның «сары» мәртебесі бар.

Биылғы 10 маусымнан бері өңірде «қызыл» мәртебесі бар адамдарға 6,184 млн теңге көлемінде 142 айыппұл салынды.

Департамент мәліметіне қарағанда, облыс бойынша 167 мониторингілік топ жұмыс істейді.

Соңғы аптада мониторингілік топтар 67 рейд жасап, 679 нысанды қамтыды. Соның ішінде 9 нысанда карантиндік талаптардың бұзылғаны белгілі болды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес 175 мың теңге мөлшерінде 4 хаттама толтырылды.

Қазан айында 455 жолаушы анықтамасыз өтті. Халықаралық жүк тасымалымен айналысатын, анықтамасы жоқ 1089 жүргізушінің біреуінен ковид табылды.

Облыста 66 егу кабинетінде вакцинация жұмысы жалғасуда. Күні бүгінге дейін 228 206 адам вакцинаның бірінші, 206 203-і екінші компонентімен егілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да созылмалы сырқаты барлардың вакцинацияға жиі келе бастағанын, он мектепте 12 сыныптың карантинге жабылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар