БҚО-да заңсыз балық тасымалдаған автокөлік жүргізушісі ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында балықты тиісті құжатсыз тасымалдаған автокөлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға Орал-Атырау жолының 40-шақырымында Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылы тұсында болды.

Жол талғамайтын Lexus автокөлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқта деген талабына қарамастан, жылдамдығын күшейтіп, қашып кетпек болған. Бірақ оның жолына патрульдік көліктің бірі кедергі жасаған кезде жолсыз жермен жүрмек болғанда, күртік қарға тіреліп тұрып қалған.

Кейін анықталғанындай, 28 жастағы жүргізуші 25 қапқа салынған қара балықты (сазан, қаракөз) тасымалдап келе жатқан.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 590-бабы 3, 4-бөлігі, 613-бабы –бөлігіне қатысты хаттама толтырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда заңсыз төрт елікті аулаған алған тұрғынның ұсталғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар