БҚО-да жеті ауданда 14 елді мекен жарықсыз қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 7 ауданда 14 елді мекен электр жарығынсыз қалып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, күні бүгін 947 абонент электр қуатын пайдалана алмай отыр.

Атап айтқанда, Бәйтерек ауданында 113, Қазталовта 182, Ақжайықта 493, Жаңақалада 57, Шыңғырлауда 14, Сырымда 45, Тасқалада 43 абонент жарықсыз қалуда.

Қазіргі кезде «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ (73 қызметкер, 26 техника) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

БҚО ТЖ департаменті бүгін барлық бағыттағы жолдардың ашық екендігін жеткізді.

Өңірде үш күннен бері жолда қалған адамдарды құтқару жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 24 елді мекеннің электр жарығынсыз қалғанын, қатты аязға байланысты Оралда 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқитынын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар