БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жеткізілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпан күні Ақжайық ауданы аумағында болды.

Сағат 03.29-да Атырау-Орал жолының 259-шақырымында Атамекен ауылынан 10 км жерде екі «Тойота Камри» автокөлігі соқтығысты.

Соның салдарынан екі көліктегі 4 жолаушы көз жұмып, алты адам Тайпақ ауылындағы ауруханаға жеткізілді.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің нақтылауынша, ауа райының нашарлауына байланысты аталмыш бағыттағы күре жолды 26 ақпан күнгі сағат 00.00-ден бастап жабу туралы шешім қабылданған болатын. Алайда такси жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған. Соның салдарынан екі көліктің бетпе-бет түйісуіне жол берген. Оның полиция қызметкерлерінің талабына бағынбағаны жөнінде бейнежазба бар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан алты адамның қаза тапқанын, тірі қалған науқасқа 10 сағат ота жасалғанын, тұрғын үйден екі зейнеткердің мәйіті табылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Батыс Қазақстанда қатты желге байланысты бірнеше жол жабылды.






Соңғы жаңалықтар