БҚО-дағы тасжолдардың 62%-інің жағдайы қанағаттанарлық - ҚазАвтоЖол

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар тасжолдардың 62 пайызы қанағаттанарлық деңгейде. 2023 жылы бұл көрсеткіш 89 пайызға жетпек. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының БҚО-дағы филиалының директоры Қазбек Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша республикалық маңызы бар тасжолдардың 62 пайызының жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Қалған 38 пайызы көңіл көншітпейді. Бүгінде ондай 38 пайыз тасжолдың 27 пайызына күрделі және қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осы жұмыстардан соң келесі жылы облыстағы республикалық тасжолдардың қанағаттанарлық деңгейі 89 пайызға жетіп қалады деп отырмыз», - деді Қазбек Мәмбетов баспасөз туры барысында.

Оның айтуынша, жол салу мен жөндеуге қажетті мамандар мен тиісті техника бар.

«Бастысы жол құрылысы материалдары уақытылы жеткізіліп тұрса. Сосын ауа райы қарасып тұрса, жұмысты кестеге сай бітіреміз деп отырмыз», - дейді ол.

Еске сала кетсек, БҚО-дағы күре жолдар проблемасы Президенттің назарына іліккен еді .

Мемлекет басшысы ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан Батыс Қазақстан облысындағы күре жолдар проблемасы бойынша Үкіметке және аймақ басшысына тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен «Ақтөбе – Орал – Атырау» бағытындағы республикалық маңызы бар жолдардағы істелініп жатқан жұмыстар бойынша БАҚ өкілдеріне арналған тур өтіп жатыр.



Соңғы жаңалықтар