БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жаңа басшы келді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Асқар Ғабидуллин БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Асқар Маратұлы 1976 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін және Қазақ-орыс халықаралық университетін агроөнеркәсіп кешені саласындағы экономика және басқару, құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Ақтөбе қаласы аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті акционерлік қоғамдар және серіктестіктер бөлімінің аға маманы, «Ақтөбе Агро» ЖШС маркетинг бөлімінің менеджері, «Рамазан» ЖШС коммерциялық бөлімінің менеджері, «Спецавтотранспорт» мемлекеттік-коммуналдық АҚ бас инженері, Ақтөбе қаласы «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының орынбасары, Ақтөбе қаласы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары, Ақтөбе қаласы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы бойынша ТЖ жою мен жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы болып қызмет етті.

2017 жылдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті жанындағы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның филиалы (Нұр-Сұлтан қаласы) директоры қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-ның Теректі ауданына жаңа әкім тағайындалғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар