БҚО-ға Ресейден өте көп қасқыр келе жатқаны жөнінде видео жалған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет БҚО-ға Ресейден өте көп қасқыр келе жатқаны жайлы тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік желі мен мессенджерде Ресей Федерациясынан Батыс Қазақстан облысына бір үйір қасқырдың келе жатқаны туралы мәтінімен сүйемелденген видео тарап кетті. Аталған матеиалдың шындыққа жанаспайтынын жеткізгіміз келеді. Белгісіз біреу жалған ақпарат таратып отыр», - деп жазды Сәкен Ділдахмет.

Комитеттің баспасөз хатшысы жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Еске сала кетсек, «қасқыр жыры» жыл басынан бері БАҚ беттерін шулатып келеді. Осыдан бірнеше күн бұрын елорда аумағында қасқырлар кіргені туралы жалған ақпарат таратқандарға полиция іздеу жариялаған болатын.


Соңғы жаңалықтар