БҚО трассасында жүк көлігінің тіркемесі жанып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында Өзбекстаннан Ресейге кетіп бара жатқан жүк көлігінің тіркемесі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 4 наурыз күні сағат 17.19-да Бәйтерек ауданы Горбунов ауылы маңында болды.

«Самара-Шымкент жолының 223-шақырымында жүк көлігінің тіркемесі 20 тонналық тоқыма бұйымдарымен (иірілген жіп) отқа оранды. Өрт сөндірушілер келгенше, тіркеме жүк көлігінен ажыратылған. Жүк көлігі Өзбекстанда тіркелген. «Тілсіз жау» БҚО ТЖ департаменті күшімен (7 адам, 2 техника) сағат 20.02-де ауыздықталды», - деп хабарлады департаменттен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда балалар мінген 2 мектеп автобусы қар құрсауында қалғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар