БҚО тұрғыны 632 дана киік мүйізімен қолға түсті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда облыс тұрғыны 632 дана киік мүйізімен қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлім еткендей, оқиға 10 қазан күні шамамен сағат 16.30-да Зачаган кентіндегі С.Айтқұлов көшесінде болған.

Жедел іздестіру шаралары барысында Қазталов ауданының 31 жастағы тұрғыны айдап келе жатқан «Nissan Maxima» автокөлігі тоқтатылды.

Тексерген кезде автокөлік салонынан 632 дана киік мүйізі табылды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігіне (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО тұрғынының 172 дана киік мүйізін қораға көміп тастағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар