БҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасына жаңа басшы келді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес ротациялау тәртібімен Дулат Имашев БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Дулат Бауыржанұлы 1978 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономист-менеджер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары БҚО қаржы басқармасы әзірлеу, талдау және жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау жинақтаушы бөлімінің жетекші, бас экономисі, БҚО ауыл шаруашылығы департаменті әкімшілік бөлімінің, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру бөлімінің басшысы, осы басқарма басшысының орынбасары болды. Сондай-ақ БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, БҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс жасады.

2018 жылдан бері Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысы қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар