Бокс: Белградтағы әлем чемпионаты жүлдегерлерінің қанша сыйлықақы алатыны анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Insidethegames.biz интернет -басылымы Белградта өтетін бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлеріне берілетін сыйлықақының мөлшерін мәлім етті, деп хабарлайды Sports.kz.

Атап айтқанда, алтын медаль иелері өз шотын 100 мың доллармен толтырмақ, ал әлем чемпионатының «күмісі» үшін қатысушылар - 50 мың, ал қола жүлдегерлер 25 мың доллар алады.

Бұл әлем чемпионатына Қазақстан құрамасын қосқанда 105 мемлекет қатысады, 605 спортшы бақ сынайды.

Айта кету керек, бұл жарыс 13 салмақ дәрежесі бойынша өтетін бірінші әлем чемпионаты болмақ.



Соңғы жаңалықтар