Бокс: Ләззат Күнгейбай Сербиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сербияда әйелдер боксынан «Ұлттар кубогі» халықаралық турнирінің финалдық сыны өтіп жатыр, деп хабарлайды Оlympic.kz.

Бүгін 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Ләззат Күнгейбай алтын жүлдегер атанды. Ол финалда ресейлік қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Бұған дейін Арайлым Марат (48 келі) пен Дина Жоламан жеңіс тұғырынан көрінген болатын.

Айта кетелік, «Ұлттар кубогі» турнирінің ақтық сынына алты қазақстандық боксшы жолдама алды.


Соңғы жаңалықтар