+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Бокс: Рио Олимпиадасындағы бірде-бір рефери Токиода төрелік етпейді

2019 жылғы 21 қараша 09:49
Бөлісіңіз:
Бокс: Рио Олимпиадасындағы бірде-бір рефери Токиода төрелік етпейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2016 жылы Рио-де Жанейродағы жазғы Олимпиада ойындарында бокстан төрелік еткен бірде-бір рефери 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатыстырылмайтын болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Халықаралық Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық зілтемірші Бейжің Олимпиадасының алтын медалін алды Жапония ОК Бас хатшысы Токио -2020-ға қатысатын елдер делегациясының басшысы болып тағайындалды Токио Олимпиадасы: Қазақстанда қанша лицензия бар

Халықаралық Олимпиада комитеті ашықтықты қамтамасыз ету үшін Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) тәртібіне нақты өзгерістер енгізіп отыр.

«Осыдан былай, төрешілердің берген бағасы әр раундтың соңында жарияланып тұрады. Талас туған жағдайда мәселені ХОК-тың бокс бойынша білікті лауазымды тұлғаларынан құралған пул шешеді. Рио-2016 Олимпиада ойындарына қатысқан бірден бір судьяның Токио-2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатыса алмайды», - делінген ХОК хабарламасында.

Еске сала кетсек, Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Василий Левит Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған болатын. Қазақстандық боксшы финалда ресейлік Евгений Тищенкомен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіліске ұшыраған.

Алайда Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах комитет 2016 жылғы Олимпиадада болған кейбір бокс жекпе-жектеріне қатысты шешімдердің объективтілігін зерттейтінін мәлімдеген. Ол айқастардың бірі - Василий Левит пен Евгений Тищенконың жекпе-жегі еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Олимпиада, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT