Бокс, жекпе-жек және көркем гимнастика: Елордада бірнеше спорт орталығы ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында бокс, көркем гимнастика орталығы және жекпе-жек залы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Наурыз мерекесі қарасаңында ашылған аталған спорт кешендерінде бір уақытта 500-ден астам спортшы жаттыға алады және орталықтар заманауи құралдармен жабдықталған.

«Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен және бүгінгі спорт орталықтарының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Қаламызда спорт орталықтарының көптеп ашылуы тұрғындарының спортпен айналысуына жағдай жасап, балалар мен жасөспірімдердің, сондай-ақ қала құрамасының халықаралық бәсекелерде жоғары деңгейде өнер көрсетуіне септігін тигізеді», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, елорданың ұлттық құрамасы мен спорт мектептерінің тәрбиеленушілері аталған орталықтарда тегін жаттыға алады.

Айта кетсек, бас қалада спорт мектептеріне қабылдау әр жылдың қыркүйек-қазан айларында жүргізіледі. Арнайы іріктеуден өткен балалар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты спорт мектептерінде спортпен тегін шұғылданады.


Соңғы жаңалықтар