Боксшы Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына өтті

None
None
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат – Қазақстандық Алуа Балқыбекова Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия чемпионы А.Балқыбекова 48 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда болгариялық Севда Асановамен жұдырықтасты.

Алуа бірінші раундта қарсыласын ауыр соққылардың астына алып, нокаутқа жіберді.

Алуа Балқыбекова финалда түркиялық Айсе Чагирырмен алтын жүлдені сарапқа салады.

Тағы бір қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова қола жүлдені қанағат тұтты.

Ол 52 келіге дейінгі салмақта таиландық Джутамас Джитпонгпен рингке шықты. Бұл жекпе-жекте жеңіс төрешілердің шешімімен таиландтық боксшыға берілді – 1:4.

Бүгін тағы үш қазақстандық спортшы жартылай финалда көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық 5 боксшының әлем чемпионатының жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар