Боксшы Назым Қызайбай Страндж кубогының финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Болгария астанасында өтіп жатқан Страндж кубогы турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған халықаралық турнирде 50 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз жартылай финалда Франция боксшысы Роман Мулаимен жұдырықтасып, қарсыласын 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Төрешілер бір ауыздан (29:28, 30:27, 29:28, 29:28, 30-27) Қызайбайды жеңімпаз деп таныды.

Айта кетейік, әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай ширек финалда испаниялық спортшы Лаура Фуертес Фернандеспен жекпе-жекке шығып, тағы да төрешілер шешімімен жеңімпаз деп танылған болатын.

Бұл халықаралық жарысқа 36 елден 450 боксшы қатысып жатыр.

Олардың қатарында Олимпиада, әлем және Еуропа чемпиондары да бар. Турнир 28 ақпанда мәресіне жетеді.


Соңғы жаңалықтар