Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстандық 10 боксшы шаршы алаңға шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Польшаның Кельце қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында бүгін қазақстандық 10 боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Олардың барлығы жартылай финалға шығуға таласады. Бұл Қазақстан құрамасының жүлде қорын молайтуға өз септігін тигізеді. Жекпе-жектер күндізгі және кешкі сессияда өткізіледі. Күндізгісі сессия елорда уақытымен 18.00-де басталса, кешкісі 22.00-де жалғасады.

Қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері төмендегіше:

Күндізгі сессия

А рингі

8 жұп Ерболат Сабыр (56 келі) - Сайдел Иван Хорта Родригез Дель Рей (Куба) 1/4 финал

10 жұп Сабыржан Аққалықов (64 келі) - Дариен Фавьер Кастро (Куба) 1/4 финал

11 жұп Диас Молжігітов (75 келі) - Александр Трофимчук (Литва) 1/4 финал

14 жұп Мәди Әміров (91 келі) - Вишал Гупта (Үндістан) 1/4 финал

В рингі

2 жұп Айшагүл Елеубаева (54 келі) - Каролина Ампульска (Польша)

3 жұп Жасмин Кизатова (69) - Мелисса Гемини (Италия) 1

6 жұп Санжар Ташкенбай (49) - Иброхим Ишжонов (Өзбекстан)

Кешкі сессия.

А рингі

6 жұп Дана Дидай (75 келі) - Богларка Варга (Мажарстан)

9 пара Елнұр Сүйінбай (60 келі) - Юри Дос Рейс (Бразилия)

В рингі

1 жұп Гүлнар Тұрапбай (51 келі) - Құлан Алтынбек (Моңғолия).

Естеріңізге сала кетелік, жастар арасындағы әлем чемпионатына еліміз атынан 20 боксшы аттанған болатын.



Соңғы жаңалықтар