Бокстан Азия чемпионатының жартылай финалында 15 қазақстандық өнер көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, 16 қараша күні жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалының кездесулері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының 15 спортшысы осы раундқа жолдама алды, яғни олар медаль алады деген сөз. Олардың арасында 9 ерлер және 6 әйелдер командаларының өкілдері бар.

Жартылай финалда Қазақстан атынан өнер көрсететіндер: Махмуд Сабырхан (52 кг), Марғұлан Айдарұлы (69 кг), Ерасыл Жақпеков (81 кг), Сабырғали Аманат (+91 кг), Мухаммедсабыр Базарбайұлы (49 кг), Бейбарыс Жексен (56 кг), Азамат Бектас (75 кг), Тоғамбай Сағындык (91 кг), Дархан Дүйсебай (64 кг), Ұлжанай Мамұтова (60 кг), Арайлым Бақытжанқызы (81 кг), Анель Сақыш (51 кг), Балжан Асқар (64 кг), Гүлсая Ержан (+81 кг), Майа Бейсебаева (69 кг).

Соңғы жаңалықтар