Бокстан жастар арасындағы ӘЧ: Бүгін финалдағы жекпе-жектер басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Польшаның Кельце қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында бүгін финалдағы жекпе-жектер басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетелік, дүбірлі додада жігіттерде - 4, қыздарда - 2 қазақстандық боксшы алтын медальды сарапқа салады. Олардың қатарында 23 сәуірде 20.00-де Санжар Ташкенбай (49 келі), Ерболат Сабыр (56 келі), Елнұр Сүйінбай (60 келі) және Сабыржан Аққалықов (64 келі) кезекті жекпе-жегін өткізеді.

Қыздарда 22 сәуірде 20.00-де Жұлдыз Шаяхметова (60 келі) мен Дана Дидай (75 келі) финалда шаршы алаңға шығады.

Айта кетер болсақ, жастар арасындағы әлем чемпионатына еліміз атынан 20 боксшы аттанған болатын.

Финалда жігіттерде ресейлік бес боксшы сынға түседі. Одан кейінгі орында Қазақстан тұр. Ал Украина - 3, Өзбекстанда - 2, Куба, Польша, Армения, Черногория, Жапония - 1 боксшысын шаршы алаңға шығарады.

Ал қыздарда Үндістан 7 боксшысы сынға түссе, ол Ресейде - 3, Қазақстан, Польша, Өзбекстанда - 2, Молдова, Түркия, Франция мен Украинада - 1 боксшыны құрайды.


Соңғы жаңалықтар