Болашақ әкелерге арналған ұсынымдар жарық көрді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықты қоныстандыру қоры (ЮНФПА) ер адамдарға арналған ұсынымдарын жарыққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұсынымдардың тұсауы Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күнінде кесіледі.

1994 жылғы халықты қоныстандыру және дамыту жөніндегі халықаралық конференцияның (МКНР) іс-қимыл бағдарламасы «отбасы мен қоғам өмірінде гендерлік теңдікке ықпал етуге, әрі ер адамдардың жыныстық және репродуктивті денсаулығы үшін жауапкершілігін көтеруге бағытталған».

Сондай-ақ, жоғарыда аталған коференция және басқада бірқатар халықаралық құжат мемлекетке ер адам мен баланың отбасындағы рөлі, отбасылық құндылықтары, репродуктивті денсаулықты сақтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу және денсаулықты нығайтуға бағытталған бағдарламалар жасауға мүмкіндік береді.

Ұсынымдар көпшілік оқырманға арналған, оның ішінде отбасын құрғысы келетін ер адамдар мен болашақ әкелер де бар. Оқырман ұсынымдардан болашақ әкелерге жауапкершілікті сезіну, ерлі-зайыптылардың репродуктивті денсаулығын қалай сақтау керегін, оның ішінде отбасын құруды жоспарлау, ондағы ерлердің рөлі, жүктілік және босану кезінде әйелге қалай қолдау көрсету керегі, гендерлік теңдікке ықпал ету және гендерлік зорлық-зомбылықпен күрес сынды өзекті мәселелерге жауап таба алады.

COVID-19 пандемиясы адамдарға қосымша қиындықтар туғызып, отбасындағы жағдайды шиеленістіре түсті.

«Әкелердің балаларымен жиі араласуы тек оң сипатқа ие: мұндай жағдайда баланың физикалық және психикалық денсаулығы мықты, үлгерімі жоғары, танымдық және когнитивті дағдылары, өз-өзіне сенімі және өзбағаланымы жоғары болады. Сонымен қатар, әкелері бала тәрбиесіне мән беретін отбасыларда жасөспірімнің мінез-құлқына байланысты мәселелер сирек болады. 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасындағы отбасылық-гендерлік саясат тұжырымдамасында саналы әкелік институтты нығайту бойынша бірқатар шаралар қарастырылған», - деді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ләззат Рамазанова.

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу стратегиясының бірі – ер адамдарға гендерлік мәселелер бойынша білім беру және отбасына қалай қамқорлық жасау керегі туралы ақыл-кеңес беру.Сондықтан кітапта позитивті тәрбие беру, белсенді әкелі болу және зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне баса мән берілген.

«Бұл кітап әке болуды тарихи-мәдени қырынан зерттеп қана қоймай, әрі ашуға ерік бермеу, күйзеліске қарсы тұру, отбасындағы береке-бірлікті сақтау, саналы ата-ана болу, отбасындағы қарым-қатысқа құқықтық жағынан баға беру сияқты өзекті мәселелерді көтереді», - дейді Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықты қоныстандыру қорының өкілі Джулия Валезе.

Еске салайық, ұсынымдар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Халық қорының техникалық қолдауымен дайындалған.

Сонымен қатар, Отбасы күні мерекесінде - 13 қыркүйекте - қазақстандық жұлдызды әкелер «Әкетай, Әкешім» әнінің қазақша нұсқасын жарыққа шығарады.

Бұл жобаны идеялардың авторы, продюсер Әлихан Мұсатаев, «101» әншілік тобы және БҰҰ-ның Халықты қоныстандыру қорымен серіктестікте жүзеге асырды.

«Әкетай, Әкешім» әні 2020 жылдың 13 қыркүйегінде, кешкі сағат 19.00-де мына сілтеме арқылы көруге болады.


Соңғы жаңалықтар