+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау 4 мамырдан басталады

2021 жылғы 22 сәуір 17:30
Бөлісіңіз:
«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау 4 мамырдан басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр күні басталып, 28 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Білім және ғылым министрінің орынбасары Мирас Дәуленов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр күні басталып, 28 қазанға дейін жалғасады. Стипендиялар үш кезеңде – маусым, тамыз және қараша айларында тағайындалады. Бағдарламаның ерекше жаңашылдығы Негізгі дайындық жұмыстары жүргізілді. Стипендияларды беруді үш кезеңде: маусым, тамыз және қараша айларында жүргізу жоспарлануда, - деді Мирас Дәуленов.

Оның айтуынша, 2021 жылға арналған тізбеде академиялық оқытуға арналған 80 мамандық пен тағылымдамадан өтуге арналған 137 мамандық қарастырылған. Оның ішінде: инклюзивті білім беру, вирусология, урбанистика, жаңа материалдар технологиясы сияқты тың бағыттар бар. Мамандықтар жеті бағыт бойынша бөлінген: инновациялар және жаңа технологиялар, индустриялық инженерия, жаратылыстану ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар, білім беру, медицина және креативті индустрия.

Вице-министр биыл «Болашақ» бағдарламасына 1055 стипендия бөлінгенін, оның 500-і ғалымдардың тағылымдамаларына арналғанын атап өтті.

«Шетелдік жоғары оқу орындарының, оқуға ұсынылатын шетелдік ұйымдардың тізімі сапалық және сандық жағынан өзгерді. Биыл тізімге үш халықаралық академиялық рейтингке кіретін 27 елдің 207 жоғары оқу орны кірді», - деді Мирас Дәуленов.

Министрлік өкілі биыл алғаш рет «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдау және конкурстық іріктеу процестері толығымен автоматтандырылғанын еске салды. Ал іріктеу кезеңдерінің саны алтыдан үшке дейін қысқартылып отыр. Іріктеу турлары кешенді тестілеу, тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке әңгімелесу, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында құжаттарды қарау сияқты кезеңдерден тұрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT