+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

«Болашақ» түлектері қазақстандық оқушыларға көмектеспек

2021 жылғы 14 қыркүйек 22:01
Бөлісіңіз:
«Болашақ» түлектері қазақстандық оқушыларға көмектеспек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасының 150-ден астам түлегі жүз мың оқушыға мамандық таңдауда көмектеседі. Бұл туралы ҚазАқпарат БҒМ сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО мектептерінде болашақ инженерлерді дайындайтын болады ШҚО-да 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді Алматыда мектептегі орын тапшылығын жою үшін не істеліп жатыр

Жобаға 9-11 сынып оқушыларына мамандық таңдауға көмектесуге ниет білдірген бағдарлама түлектері қатысады. Сондай-ақ олар өз білімдері және дағдыларымен бөліседі әрі бір жыл көлемінде оқушыларға тәлімгер болады. Жоба 13 қыркүйекте Түркістан облысында басталды.

«Бұл жай ғана тест немесе сауалнама толтыру емес, бұл нағыз мамандық таңдауға кірісу: кездесулер, оқыту және түсіндіру семинарлары, мастер-кластар және тәлімгерлердің кеңестері. «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 11 мыңнан астам жоғары білікті маман даярланды. Бүгінде олар экономиканың басым секторларында жұмыс істейді. Әлбетте, олардың ақысыз ұсыныс білдіргенімізге қолдау көрсеткендері қуантады. Оқушылармен мұндай қарым-қатынас және өзара іс-қимыл балалардың мамандық таңдауына оң әсер етеді деп үміттенеміз», — деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Ғалия Досмұхамбетова.

Ментор-бағдарлама түлектерінің қатарында инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының докторлары бар.

«Колумбия университетінде оқып жүрген кезімде мен көптеген еріктілердің жобаларына қатыстым. Бұл жобалар маған да, мен жәрдем көрсеткен адамдарға да жақсы тәжірибе алуға көмектесті. Әдетте, жобаға қатысушылар қоғамның дамуына, білім беру сапасын жақсартуға және болашақ ұрпақтың өмір сүру деңгейін арттыруға қосқан үлестерін мақтан тұта алады. Мұндай жұмыстың нәтижелерін бірнеше жылдан кейін көруге болады. Мәселен, мен өз студенттерімнің кәсіби саладағы жетістіктерін көріп отырмын. Осындай тәжірибені мен қазақстандықтардың жас буынының дамуына да енгізгім келеді», — деп атап өтті Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жанындағы жетекші аналитик, «Болашақ» стипендиялық бағдарламасының түлегі Рамазан Досов.

Бұл жобаға тәлімгерлер тегін қатысады. Осылайша, «Болашақ»бағдарламасының 150-ден астам түлегі менторлық бойынша ерікті атанды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT