+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Болашақта білікті дәрігер болғым келеді – 136 балл жинаған талапкер

2020 жылғы 2 шілде 19:02
Бөлісіңіз:
Болашақта білікті дәрігер болғым келеді – 136 балл жинаған талапкер

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Биылғы ҰБТ қорытындысында дарынды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің түлегі Гүлнұр Тілегенова 136 балл жинады. Бұл – облыс бойынша ең жоғары көрсетіш. ҚазАқпарат тілшісі осындай табысқа қол жеткізген Гүлнұр Нұрымқызымен сұхбаттасқан еді.

Ұқсас жаңалықтар
Басы дауға қалған Алматы облысының бас санитарлық дәрігері халықтан кешірім сұрады Шымкентте марганцовка ішіп қойған 3 жасар бүлдіршінді дәрігерлер аман алып қалды Алексей Цой Алматы облысы бас санитарлық дәрігеріне қатысты тексеруді бастауды тапсырды

-Гүлнұр, өз қатарластарың ат қосқан білім бәйгесінде мағдайың жарқырап, жоғары балл жинауың тыңғылықты дайындықтың нәтижесі ғой, алдымен осыған тоқтала кетсең?

-Мен ҰБТ-ға белгілі бір уақыттан бастап дайындалдым деп айта алмаймын. Оралдағы білімнің маңдайалды қара шаңырағы – №11 мектепке түскеннен бастап жақсы оқуға тырыстым. 7-сыныпта бағытпен оқыту басталды, сол кезде химия-биология бағытына емтихан тапсырдым. Өйткені медицина маманы болуды армандадым, оның қаншалықты қиын әрі жауапкершілігі зор мамандық екенін ескеріп, сабақтарымды қалдырмай, уақтылы оқыдым. Үй жұмыстарымен түнгі 1-2-ге дейін отырған кездерім болды, сол еңбегім ақталды. Және ешбір курсқа қатыспай-ақ жоғары нәтиже көрсетуге болатынын дәлелдедім деп ойлаймын.

-Қандай мамандықты, қай жоғары оқу орнын таңдадың, болашақтағы арман-мақсаттарың жөнінде айтсаң?

-Армандарым туралы әңгіме айтқаным өзіме ұнайды, себебі болашақты көзіме елестетіп, ішімде бір толқу сезімі пайда болады. Мен өзімді медицина маманы ретінде көремін. Әсіресе, хирургияға қызығамын. 7-сыныпта арманым болған нәрсенің бәрі бүгінде мақсатыма айналғанына қуаныштымын. Мен еліміздегі алдыңғы қатарлы ЖОО-лардың бірі С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне түсуді жоспарлап отырмын. Бүгін психометриялық тест тапсырдым. Жалпы медицина факультетін таңдадым. Болашақта білікті дәрігер болып еліміздегі медицина саласын дамытуға үлес қосқым келеді. Ақ желеңді жандардың өмірде қандай рөл атқаратынын қазіргі індетке байланысты туындаған қиын жағдай көрсетіп отыр. Ең бастысы, адамдарға қолұшын созып, арашашы болғанға не жетсін!

-Білім деңгейінің жоғары болуына ұстаздарың да көмектескен болар, кімдерді ерекше бөліп атар едің?

-Әрине, менің осындай оқушы болып қалыптасуым – ұстаздарымның арқасы. Біздің мектептің мұғалімдерінің бәрі мықты. ҰБТ-ға дайындаған Арман Сансызбайұлына алғысымды айтқым келеді. Мектеп жауапты болмаса да, байқау сынақтарын өткізіп, дайындық жұмыстарын жүргізді. Жылдың үздік ұстазы атанған Гүлмирам Қуанышқызы – менің де үлгі тұтар адамым. Сол кісінің көмегімен математикалық сауаттылықтан 20 балдың 20-сын жинадым. Бейіндік пәндерге келетін болсақ, биологиядан Абылайхан Тоқшылықұлы мен Ербол Құлмырзаұлына, химиядан Эльмира Бейсембайқызы мен Аяжан Темірәлиева апайыма ризашылық білдіремін.

-Талапкерлер тыйым салынған құралдарды қолданған жағдайда тест нәтижесі жойылады, тіпті грантынан айырылады, әркім өз біліміне сенгені жөн ғой, осы турасында не айтар едің?

-ҰБТ-ға осы жылы енгізілген ережелерді толықтай қолдаймын. Барлығы әділ түрде өтуі керек. Дұрыс айтасыз, әркім тек қана өз біліміне сенгені жөн. Біз мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басқалы жатырмыз, осы жолға арымыз таза болып түссек, тура жолдан таймауға жасаған алғашқы қадамымыз деп есептеймін. Осы орайда әділ ҰБТ өткізгені үшін және карантин уақытында оқушыларға түрлі нұсқаларды тегін орындауға мүмкіндік бергені үшін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мырзаға алғысымды айтамын.

Еске сала кетейік, Батыс Қазақстанда 5 мыңға жуық талапкердің ҰБТ сынағынан өткенін жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT