Боралдай - Кеген бағытындағы санитарлық рейс мәжбүрлі қонды

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Азия Континенталь әуе компаниясының Ан2 әуе кемесі Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км жерде мәжбүрлі түрде қонды. Оқиға Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшақ бортында 5 адам болған. Ешкім зардап шеккен жоқ.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізетін болады.

фото: ҚР ТЖМ
Соңғы жаңалықтар