17:51, 25 Ақпан 2021 | GMT +6
Боран: Шығыс Қазақстанда тасжолдардың бірі жабылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында тасжолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақавтожол» ЖШС ШҚОФ мәліметіне сүйенсек, 24 ақпанда сағат 16:10-нан бастап ауа-райының нашарлауына, нақты айтқанда боран соғып, жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 105-123-шақырымында көлік құралдарының барлық түрлері үшін жол жабылды.
Осы ретте, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда жасанды жолмен қар көшкіні түсірілгендігін хабарлаған болатынбыз.