Боранға байланысты алты облыстағы 21 учаскеде жол жабық

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қолайсыз ауа райы мен боранға байланысты 21 учаскеде жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік жүруіне тыйым салынған бүкіл жолдың ұзындығы - 2 161 шақырым. Бұл - еліміздегі республикалық жолдардың 8,6 пайызы.

Жалпы, 6 облыста мына тасжолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылған:

1. «Нұр-Сұлтан - Щучинск» жолының 18-231 шақырымы аралығы,

2. «Нұр-Сұлтан-Теміртау» жолының 1291-1425 шақырымы аралығы,

3. «Жезқазған-Петропавл» жолының 552-565 шақырымы аралығы, (Сұрған-Знаменка)

4. «Екатеринбург-Алматы» жолының 856-917 шақырымы аралығы, (СҚО-Жақсы)

5. «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» жолының 16-235 шақырымы аралығы, (Нұр-Сұлтан–Шідерті)

6. «Щучинск-Зеренді» жолының 0-80 шақырымы аралығы, (Щучинск–Зеренді)

7. «Екатеринбург-Алматы» жолының 1006-1247 шақырымы аралығы, (Атбасар-Нұр-Сұлтан)

8. «Өскемен-Шемонаиха-РФ» жолының 105-123 шақырымы аралығы, (Шемонаиха-РФ)

9. «Омбы-Майқапшағай» жолының 915-1087 шақырымы аралығы, (Қалбатау-Боғас)

10. «Қызылорда-Павлодар» жолының 1066-1135 шақырымы аралығы, (Молодежный-Павлодар облысы)

11. «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней» жолының 231-324 шақырымы аралығы, (Ботақара-Павлодар облысы)

12. «Екатеринбург-Алматы» жолының 686-729 шақырымы аралығы, (Сарыкөл-СҚО)

13. «Қызылорда-Павлодар» жолының 1135-1208 шақырымы аралығы, (Қарағанды облысы-Шідерті)

14. «Қызылорда-Павлодар» жолының 1208-1251 шақырымы аралығы, (Шідерті-Екібастұз),

15. «Екатеринбург-Алматы» жолының 729-856 шақырымы аралығы, (Қостанай облысы-Ақмола облысы)

16. «Жезқазған-Петропавл» жолының 595-701 шақырымы аралығы, (Ақмола облысы–Новоишимка)

17. «Жезқазған-Петропавл» жолының 701-795 шақырымы аралығы, (Новоишимка-Сергеевка),

18. «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» жолының 75-119 шақырымы аралығы.

19. «Тимирязево-Сарыкөл-Қостанай обл» жолының 0-31 шақырымы аралығы, (Тимирязево-Қостанай облысы),

20. «Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Кирово-Қиялы-Рощенское» жолының 0-228 шақырымы аралығы, (Булаево-Рощенское).

21. «Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары» жолының 7-66 шақырымы аралығы, (Ушановское-Серебрянск),

Республика жолдарында 824 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.


Соңғы жаңалықтар