+7 (701) 759 90 19
USD 376.72 EUR 408.67
RUB 5.76 CNY 53.68
Jańalyqtar

Бостандық ауданында 27 жекеменшік балабақша ашылды

2020 жылғы 14 ақпан 14:29
Бөлісіңіз:
Бостандық ауданында 27 жекеменшік балабақша ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бостандық ауданында 27 жекеменшік балабақша ашылды. Бұл туралы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов халықпен есепті кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
200-ден астам сот сарапшысы шетелде біліктілігін арттырды ҚР Президенті: Білім жүйесін жаңғырту мәселелері Ұлттық кеңес отырысының күн тәртібіне енгізіледі Нұрымбетов: Білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарына бейімдеуіміз қажет

«Ауданда 29 мемлекеттік және 89 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Жалпы Алматыда балабақша жасындағы 10595 бүлдіршін бар. 3 жастан 6 жасқа дейінгі 2 936 бала кезек күтіп тұр. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында балабақшаларға кезекті қысқарту үшін былтыр 27 жекеменшік балабақша ашылды», - деді Алтай Рахымбетов.

Оның айтуынша, жалпы орта білім беру жүйесіне 56 ұйым кіреді. Бостандық ауданында 42 935 оқушы бар болса, мектептердің қуаты 25 873 шамасында болып тұр. Оқушылар орындарының тапшылығын қысқарту үшін мектептердің негізгі ғимараттарына қосымша құрылыс салу бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 1200 орындық №125 жалпы білім беретін мектепте сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталды. 1100 орындық №40 мектепке және сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған №9 мамандандырылған (түзету) мектеп-интернатына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.

№ 21 гимназия аумағында №189 балабақшаның құрылысы аяқталып қалды.

Сондай-ақ, «Асылтау Тау» тұрғын үй кешенінің аумағында әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде 195 орындық №191 балабақшаның құрылысы аяқталды.

«Оқушылар орнының тапшылығын азайту үшін былтыр №105 мектепке қосымша ғимарат салынды. Қазір осындай жапсарлас ғимараттың құрылысы № 140 мектепте де жүргізіліп жатыр. Кезекте №65 мектеп тұр. Бұл әр білім шаңырағына қосымша 300 оқушы орналастыруға мүмкіндік береді», - деді Алтай Рахымбетов.

Сондай-ақ былтыр №38 және №60 гимназияға қосымша ғимарат құрылысына жобалық сметалық құжатта әзірленген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT