Бостондағы жарылыс: Джохар Царнаевқа қатысты өлім жазасы күшін жойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың апелляциялық соты 2013 жылы Бостон марафонында жарылыс жасады деп өлім жазасына кесілген Джохар Царнаевқа қатысты сот шешімінің күшін жойды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС сілтеме жасап хабарлайды.

27 жастағы Царнаев өмір бойы түрмеде отырады, алайда сот оны өлім жазасына кесуге қатысты тағы да бір сот процесін өткізбек.

Айта кетсек, Бостон марафонының мәресінде болған жарылысқа қатысты істі тергеуге кедергі келтірді деп айыпталған қазақстандық студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовта болды.

Кейін белгілі болғандай Азамат Тәжаяқов Бостон терактісін тергеуге кедергі жасауға қатысты айыпты деп танылды.

Д.Қадырбаев 2015 жылы Америка түрмесінде 6 жылға жазасын өтеуге сотталған болатын. Ол 2013 жылы Бостонда ағайынды Царнаевтар жасаған лаңкестік актіні тергеу кезінде айыпты деп танылды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қадырбаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығатынын айтты. Ол жазасын Техас штатындағы «Big Spring» федералды түрмесінде өтеді.


Соңғы жаңалықтар