Бозжыра Үстірт қорығы аумағына кіре ме – министрдің жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бозжыра Үстірт қорығына енгізіле ме? Бұл сұраққа Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үстірт қорығы аумағын кеңейту үшін зоологтар, биологтар мен экологтар жан-жақты жұмыс жүргізу керек. Ол үшін салмақты негіз дайындалуы тиіс. Әзірге Бозжыраны Үстірт қорығына енгіземіз деп айта алмаймын. Жұмысты зерттеу нысанасы тұрғысынан тыңғылықты жүргізу керек. Тағы да айтар болсам, әзірге жоспар жоқ, себебі кез келген кеңейту жұмысы негізді талап етеді», - деді Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бозжыра шатқалындағы қонақ үй құрылысы туралы да сұрақ қойылды. Мағзұм Мырзағалиев аталмыш мәселеге біржолата нүкте қойылғанын, инвестор оны басқа жерде салуға келісім бергенін еске салды.

«Хайптың бәрі қайдан шықты? Нақты учаскеге бекітілмеген эскиз-жобадан тарап отыр. Сол себепті бұл мәселеге суық ақылмен келген жөн ежі. Пікірталас тоқтамағаннан кейін біз аумақтық органдардың өкілдерімен жан-жануарлар жүретін аумақты, әлеуетті жүктемені зерттеп, инвестормен де осы мәселені талқыладық. Сосын Жабайыұшқан қорығынан кету туралы ұсыныс жолдадық. Ақыры инвестор ол ұсынысқа құлақ асты да, мәселеге нүкте қойылды», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар