Бразилия сенаторлары Қазақстандағы президент сайлауына өз бағасын берді
Сыртқы саяси ведомство басшысы өткен сайлау - Қазақстанның халықаралық әріптестер үшін ашық прогрессивті ел екенін, демократиялық елде өмір сүру және еңбек ету еркіндігінің айқын көрінісі екенін атап өтті.
Бразилия Президентінің Сенаттағы өкілі саналатын Ф. де Ассис Родригес президент сайлауы жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткенін атап өтіп, учаскелердегі дауыс беру кезеңінде процестің транспаренттілігін көз етті. Ж. Вагнер Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының жүргізген жұмысына жоғары баға берді. Оның пікірінше, өткен сайлау нәтижелері Қазақстанның демократиялық даму бағытындағы берік ұстанымын көрсетеді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Бразилия екіжақты қарым-қатынасының өзекті мәселелерін талқылап, олардың парламентаралық құрамдастарына ерекше назар аударды.
Бразилия Сенатындағы Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Парламенттік топтың жетекшісі Ф. де Ассис Родригес Қазақстанмен бірлесе екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және маңызды халықаралық бастамаларды ілгерілетуге дайын екенін айтты.
СІМ басшысы парламентаралық дипломатиядағы қарым-қатынасты дамытудың маңызын атап өтіп, Бразилия - Латын Америкасындағы Қазақстанның басты сауда серіктесі екенін айтты. Ол бразилиялық парламентшілерді сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге белсенді түрде жәрдемдесуге шақырды. «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ және «Embraer» сияқты ірі компаниялардың екі ел нарығындағы табысты қызметін атап өте отырып, министр:
«Өткен жылы Қазақстанның Бразилиямен екіжақты тауар айналымы 150 миллион АҚШ долларынан асты. Бұл көрсеткіштің өсуі маңызды перспективаға ие», - деп атап өтті.