Бразилия жағалауында ұшақ жоғалып кетті

None
None
РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні кешке Бразилияның оңтүстік-шығыс жағалауында шағын ұшақ жоғалып кетті. Бұл туралы бейсенбі күні CNN Brasil телеарнасы Сан-Паулу штатының құтқару қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Бортында үш адам болған ұшақ Кампинас қаласынан Рио-де-Жанейроға қарай ұшқан, бірақ Убатуба және Парати қалалары ауданында екі штаттың шекарасында теңіз үстінде жоғалып кеткен. Екінші ұшқыштың ата-анасының айтуынша, әуе кемесінде ақау болған.

Іздеу-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметке қарағанда, ұшақ теңізге құлауы немесе суға қонуға мәжбүр болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар