Бразилияда коронавирус құрбандарының саны артып жатыр

None
None
БРАЗИЛИЯ. ҚазАқпарат – Бразилияда коронавирустан қайтыс болғандар саны 67 964-ке жетті, ал жалпы вирус жұқтырғандар 1 713 160 болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Agencia Brasil агенттігіне сілтеме жасап.

Өлім коэффициенті (жұқтыру жағдайына шаққандағы өлім саны) 4%-ды құрады. 100 мың адамға шаққандағы өлім 31,8%-ға жетті.

Бразилияда COVID-19-дан болған өлім саны көп тіркелген аймақ – оңтүстік-шығыс (30 518), солтүстік-шығыс (21605), солтүстік (10 115), орталық-батыс (2 442) және батыс (2061).

Бразилиялық 27 штаттың ішінде Сан-Паулу (16 475), Рио-де-Жанейро (10 881) – екеуі де оңтүстік-шығыста - Сеара (6556), Пара (5.128) және Пернамбукуда (5234) өлім деңгейі жоғары. Мату-Гросу-ду-Сул (128), Токантинс (228), Рорайма (376), Акра (399) және Санта-Катарина (419) – вирустан болған өлім көрсеткіші аз штаттар.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Бразилия коронавирус жұқтыру және өлім саны бойынша әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр. Джон Хопкинс университетінің жаһандық картасына сәйкес, АҚШ-та 3 054 699 адам жаңа дертке шалдыққан.

Коронавирус жұқтыру бойынша Үндістан үшінші орында тұр. Онда 767 296 жағдай тіркелген. Инфекцияға шалдыққан 99 749 адаммен Ресей төртінші орында. Бестікті Перу қорытындылап тұр. Соңғы мәлімет бойынша, онда вирусқа шалдыққандар – 312 911.

Қазіргі уақытта әлемде 12 041 480 адам жаңа коронавирусты жұқтырған.


Соңғы жаңалықтар