Брекешев көміртегі бейтараптылығына қол жеткізудің 2 сценарийін атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев көміртегі бейтараптылығына қол жеткізудің 2 сценарийін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі.

Министр «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» халықаралық конференциясы барысында елімізде көміртегі бейтараптылығына қол жеткізудің екі сценарий әзірленгенін атап өтті.

«Базалық және көміртегі бейтараптылығы сценарийі. Базалық сценарий – бұл көміртексіздендіру бойынша айтарлықтай технологиялық өзгерістердің болмауы немесе саяси іс-шаралары кезінде жол. Модельдеу нәтижелеріне сәйкес, бұл экономика өсімінің болжамды көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік бермейді. Бұл экономикаға тітіркендіргіш әсер болуы мүмкін 3 фактормен байланысты. Біріншісі – Еуропалық одақтың, сонымен қатар Қазақстанның өзге де ірі сауда серіктестерінің шекаралық көміртегі салығын енгізуі. Бұған қоса, ұзақмерзімді келешекте күтілетін энергия ресурстары бағасының төмендеуі және климаттық өзгерістердің әсері Халықаралық энергетикалық агенттік болжамынша ауыл шаруашылығына да теріс әсерін тигізеді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, көміртегі бейтараптылығы сценарийі кміртексіздендіру бойынша белсенді күш-жігерді және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптылығына қол жеткізуді қамтиды. Бұл сценарий базалық сценаирй кезіндегі тәуекелдерден келуі мүмкін шығындарды 2,4 есеге қысқартуға мүмкіндік береді.

«Бұған қоса, модельдеу нәтижесі 2060 жылға қарай Қазақстан бүкіл экономика ауқымында нөлдік шығарындылардың таза балансына қол жеткізетіндігін көрсетті. Шығарындылардың басым бөлігінен жалтаруға мүмкіндік болады. Ал қалған шығарындылар тұтылады, сақталады және тікелей қайнар көзінде пайдаланылады немесе өсімдіктер мен топыраққа сіңіріледі», - деді Серікқали Берекешев.


Соңғы жаңалықтар