Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 61 долларға дейін түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Brent маркалы мұнайдың бағасы 5 пайызға арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

WTI мұнайы фьючерсінің бағасы 5,06%, -ға төмендеді. Лондондағы ICE биржасында 2021 жылдың маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны барреліне 61,58 долларға дейін түсті.

Brent сортының бағасы 5,16%-ға төмендеп, сауда-саттық аяқталар тұста баррелі 61,51 долларға бағаланды.

Қазіргі уақытта WTI мұнай фьючерсінің құны 5,73% - ға арзандап, баррелі 57,93 доллар шамасында тұр.

Еске сала кетсек, Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді ұлғайтпақ. ОПЕК+ шеңберіндегі Қазақстан үшін міндеттемелер мамырда тәулігіне 1,463 млн баррель, маусымда тәулігіне 1,469 млн баррель және шілдеде тәулігіне 1,475 млн баррель деп белгіленген.


Соңғы жаңалықтар