Brent мұнайының бағасы 70 доллардан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Brent маркалы мұнайдың баррелінің бағасы 2020 жылдан бері алғаш рет 70 доллардан жоғары көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстерінің бағасы 1,64 пайызға өсіп, барреліне 70,5 долларға жетті.

Соңғы рет 70 доллар шамасында Brent мұнайы баррелінің бағасы 2020 жылдың қаңтар айында ғана болған.

Сағат 05:10-те Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстерінің бағасы 1,77 пайызға өсіп 70,59 долларға жетті.

Ал, WTI маркалы мұнай баррелінің мамыр айындағы фьючерстері бағасы бүгінгі сауда-саттықта барреліне 67,04 долларға дейін көтерілді (+1,71%).


Соңғы жаңалықтар