17:40, 30 Маусым 2020 | GMT +6
Британия экономикасы соңғы 40 жыл ішіндегі ең төменгі деңгейге дейін қысқарды
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – 2020 жылдың басында Ұлыбритания экономикасы 1979 жылдан бергі ең төменгі деңгейге дейін қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.
Жалпы ішкі өнім қаңтардан наурызға дейін 2,2%-ға төмендеді, деп хабарлады Ұлттық статистика басқармасы. Бұл Reuters экономистерінің болжамынан да төмен болып шықты (2%).
Премьер-министр Борис Джонсон сейсенбі күні Британия экономикасын қалпына келтіруді жылдамдату бойынша өз жоспарын ұсынады. Инфрақұрылымға 5 млрд фунт стерлинг (6,13 млрд доллар) инвестиция тарту көзделіп отыр.
Англия банкі биыл экономикалық құлдырау соңғы үш ғасыр ішіндегі ең төменгі деңгейге жетуі мүмкін деп мәлімдеді.
Автор: Тимур Дүйсекеев