+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Британияда жүк көлігінен денесі табылған 39 адамның аты-жөні белгілі болды

2019 жылғы 8 қараша 18:24
Бөлісіңіз:
Британияда жүк көлігінен денесі табылған 39 адамның аты-жөні белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Британия полициясы Эссекс графтығында жүк көлігінен денелері табылған 39 вьетнам азаматының аты-жөндерін анықтады. Олардың тізімі ашық дереккөздерде жарияланған жоқ, дегенмен азаматтардың туыстарына хабар берілді, деп жазады The New York Times.

Ұқсас жаңалықтар
Эво Моралес Боливияға қайтуға дайын екенін мәлімдеді WhatsApp біржола қара тізімге енгізуді қолға алды Эво Моралес Мексиканың саяси баспана беру туралы ұсынысын қабылдады

Басылымның жазуынша, полицияның ресми тізімі шықпастан бұрын 8 әйел, 31 ер адамның туыстары олардың сол жүк көлігінде болған деп санап, жоғалған азаматтарды жоқтап жүрген.

Бейсенбі күні Вьетнамның Лондондағы елшілігі қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айтқан еді.

Эссекс полициясы 39 адамның өлімін тергеу жұмыстары туралы ақпарат жақында жарияланатынын хабарлады. Сонымен қатар олар Британия мен Вьетнам билігі бұл жұмыстарды бірлесіп атқарып жатқанын айтты.

Айта кетейік, дүйсенбі күні полиция бұл іске қатысы бар деген күдікпен 8 адамды қамауға алған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT