Британиядағы сайлау: Борис Джонсонның партиясы парламентте абсолютті басымдыққа ие болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-министр Борис Джонсон басқаратын консервативті партия Лордтар палатасында мерзімінен бұрын өткен сайлауда жеңіске жетті. Джонсон көп ұзамай елді Еуроодақтан шығаруға уәде берді, деп хабаралайды bbc.com.

Лондон уақыты бойынша таңғы 7-де Консервативтік партия Лордтар палатасындағы 650 орынның 351-не ие болды. Кейбір бөлімшелерде дауыстарды есептеу әлі аяқталған жоқ.

Джереми Корбин басқарып отырған консерваторлардың басты қарсыластары, яғни лейбористер әзірге 203 мандатқа қол жеткізді. Шотландық Ұлттық партия – 48 мандат, Либералды-демократиялық партия – 11 мандат, солтүстік ирландиялық Демократиялық юнионистік партия – 8, Уэльс Партиясы – 4, жасылдар 1 мандатты иеленді.

Консерваторлар Борис Джонсон үкіметі мен Брюссель арасында болған Британияның Еуроодақтан шығу туралы келісімін ратификациялауға ниетті, және 2020 жылдың 31 қаңтарында Британия формальды түрде Еуроодақтан шығады.

Соңғы жаңалықтар