British Petroleum Қазақстанның мұнай-газ жобаларына қатысудан неліктен бас тартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – British Petroleum Қазақстанның мұнай-газ жобаларына қатыса алмайтындығын ресми мәлімдеді. Бұл туралы бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«British Petroleum-ның Қазақстаннан кеткеніне біраз уақыт болды. Өздеріңізде білетіндей, 2009 жылы British Petroleum Қарашығанақ пен Каспий құбыр консорциумы жобаларынан шығып кеткен болатын. Бұл сол кездегі стратегия байланысты еді», - деді ол онлайн брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. .

Оның атап өтуінше, 2019 жылы аталған компания Қазақстанның мұнай-газ жобаларына кіруге ниетті екендігін білдірген. «ҚазМұнайГаз» менеджменті де мұндай трансұлттық компанияның елімізге келуі Қазақстанның барлық мұнай-газ саласына оң ықпал ететін болғандықтан ынтымақтастықты жандандыру мүмкіндіктерін қарастырған. Осыған байланысты екі компания арасында ықтымақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандум рәсімделген.

«2019 жылдың мамырында компания құрлықтағы және теңіздегі мұнай-газ жобаларына кіру мүмкіндіктерін қарастырды. Алайда, ол қандай да бір жобаға кірген жоқ. Бұл тек қарастыру кезеңі болатын. Таяуда мұнай бағасының өзгеруіне, коронавирус пандемиясына байланысты аталған компанияның жоспары өзгерді және кешірім сұрап хат жазды. Онда таяу уақытта Қазақстандағы жобалар қарастырылмайтындығы айтылған», - деді Дәурен Қарабаев.


Соңғы жаңалықтар