Брюссельде Берлин еуразиялық форумының отырысы өтуде

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бүгін Бельгия астанасында Берлин еуразиялық форумының кезекті отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

COVID-19-ға байланысты Берлин еуразиялық клубының 31-ші отырысы «гибридті» (аралас) форматта өтуде.

Әйтсе де, еуразиялық тарап пен қазақстандық делегация спикерлері Steigenberger Wiltcher’s қонақ үйінде өтіп жатқан шарда карантиндік шараларды қатаң сақтауда.

Клубтың осы отырысының тақырыбы – «Қазақстанның туристік және аграрлық саласындағы әріптестік мүмкіндіктері – ауыл шаруашылығының инвестициялық және экспорттық әлеуетін арттыру, тұлғааралық қатынастарға жәрдемдесу».

Форум жұмысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Ауыл шаруалығы бойынша ЕО комиссары Януш Войцеховски, Ресей, «Шығыстық әріптестік», Орталық Азия, өңірлік әріптестік және ЕҚЫҰ-ның Еуропалық сыртқы байланыстар бойынша бас директоры Михаэль Зиберт пен Еуропалық саясат орталығы кураторы, бұрынғы ЕО-ның комиссары қатысуда.

Бұдан бөлек, онлайн форматта шараға ЕО елдері еуропалық институттары мен іскерлік орта өкілдері қосылмақ.

Форум қатысушылары Қазақстанның инвестициялық әлеуеті және қазақ-неміс іскерлік әріптестігі болашағы жөніндегі ойлары және бағаларымен бөлісуде.



Соңғы жаңалықтар