Брюссельде Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу туралы келісіміне қол қойылды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишель мен Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Брюссельде Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу туралы келісіміне қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Урсула фон дер Ляйен екеуіміз Ұлыбританияның шығуы туралы келісімге қол қойдық», - деп жазды Ш. Мишель 24 қаңтар күні өзінің Twitter парақшасына.

«Барлығы өзгереді, бірақ біздің достығымыз қалады. Біз серіктес және одақтастар ретінде жаңа тарауды бастаймыз», - деп толықтырды ол.

Урсула фон дер Ляйен микроблогтағы парақшасында құжаттарға қол қою «оны Еуропа парламенті ратификациялауға жол ашады», - деп жазды.

Енді бұл келісімді 29 қаңтар күнгі пленарлық отырыста Еуропалық парламент ратификациялауы керек.

Еске салсақ, кеше Ұлыбритания патшайымы Елизавета II елдің Еуроодақтан шығу туралы парламент қабылдаған Заңға қол қойды.



Соңғы жаңалықтар