Брюссель тұрғындары вакциналауға онлайн жазыла алады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бір күннің ішінде 13 700 Брюссель тұрғыны вакциналауға жаңа онлайн-платформа арқылы жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«Bru-VAX» онлайн-жүйесіне тіркелу үшін тұрғындардың ұлттық тіркеу нөмірі мен пошта индексі ғана талап етіледі.

Бұдан бұрын бельгиялық астана тұрғындары арнайы код жазылған конвертті пошта арқылы күтуі керек болатын. Бельгиялықтардың 12%-ының пошталық мекен-жайы жоқтығына байланысты бұл процесс жеңілдетілді. Олар вакциналауға шақыратын пошта конвертін ала алмайтын еді.

Бірінші күні 7 500 Брюссель тұрғыны вакциналауға жазылып, 51-55 жас аралығындағы 6 200 азамат күту тізіміне тіркелді.

Бұдан басқа тіркеу бойынша көмек қажет ететін тұрғындар өз терапевтіне жүгіне алады. Сонымен қатар вакцинаны үйде алуы тиіс науқастарға арналған арнайы тіркеу опциясы бар.

Қазіргі кезде Бельгияда вакциналауға 1965 жылы және одан ерте туған тұрғындар жіберілуде. 1970 және одан ерте туған бельгиялықтар әзірге күту тізіміне жазыла алады.


Соңғы жаңалықтар