Бүгін әлемде 378 641 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 24 маусымда 378 641 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Осымен әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырған адам саны 547 492 868-ге жетіп отыр.

Әлемде коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандардың жалпы саны 6 347 816 адамды құрайды, сонымен қатар бүгін де 1 163 өлім тіркелді.

Вирустың толық емделуінің расталған жағдайлары жер жүзінде бүгін, яғни 24 маусымдағы дерек бойынша: 522 833 075 адам.


Соңғы жаңалықтар