Бүгін бокстан Қазақстан біріншілігі жалауын көтереді

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласында бокстан Қазақстан біріншілігі жалауын көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел біріншілігі жігіттер мен қыздар арасында өткізіледі. Жарыс 23-29 қараша күндері аралығында болады. Алғашқы төрт күнде былғары қолғап шеберлері іріктеу айналымында жекпе-жекке шығады. Ал 27 қарашада 1/4 финал ойындары болса, боксшылар 28 қарашада жартылай финалда кездеседі. Жеңімпаздар 29 қараша күні анықталады.

Айта кетерлігі, жігіттер арасында 10 салмақта жүлделер сарапқа салынады. Олардың арасында Олимпиада бағдарламасына енгізілмеген 49 және 60 келідегі салмақ дәрежелері бар. Жігіттер арасында Олимпиада жолдамасына ие болған 8 боксшы сынға түседі.

Ал қыздар арасындағы бәсекеде еліміздің әр өңірінен келген 115 спортшы бақ сынайды. Қыздар арасында да Олимпиадаға баратын үздіктер бар.


Соңғы жаңалықтар