Бүгін футзалдан Еуропа чемпионатының жеребе рәсімі өтеді: Қазақстан 1-себетте

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 18 қазан күні Нидерландының Зейст қаласында футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді. Шара елорда уақытымен 22:00-де басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Футбол федерациясына сілтеме жасап.

Нидерланд алғаш рет финалдық кезеңді қабылдайды

Футзалдан ЕУРО-2022 чемпионаты ең үлкен жарыс болмақ. Еуропа финалында алғаш рет 16 (бұған дейін 12 болған) сынға түседі. 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Амстердам және Гронинген қалаларында 32 матч ойналады. Әр топ төрт командадан тұрады.

Жарыс иесі Нидерланд құрамасы ЕУРО-2022 финалдық кезеңіне тікелей жолдама алды. Қалған елдердің ішінде Португалия (ЕУРО-2018 жеңімпазы), Қазақстан, Әзербайджан, Босния мен Герцеговина, Хорватия, Финляндия, Грузия, Италия, Польша, Ресей, Словакия, Словения, Испания және Украина. Сербия мен Беларусь құрамалары құрлық додасына соңғы жолдамасын 14 және 17 қараша аралығында сарапқа салады.

УЕФА ЕУРО-2022 финалдық кезеңі жеребесінің себеттерін бекітті. Жеребе 4 қазанда жарияланған рейтинг бойынша тартылады. Қазақстан құрамасы Испания, Ресей және Португалия құрамаларымен бірге 1-себетке түсті.


1-себет
Испания
Ресей
Португалия
Қазақстан

2-себет
Хорватия
Әзербайджан
Сербия/Беларусь
Италия

3-себет
Украина
Словения
Босния және Герцеговина
Польша

4-себет
Финляндия
Словакия
Грузия
Нидерланд

Жеребе тарту рәсімін UEFA.tv арқылы 18 қазан күні 22:00-де тікелей эфирде көруге болады.

Шараға Қазақстан футбол федерациясы футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев, ҚФФ Халықаралық қатынастар директорының орынбасары Уәлихан Байтақов және футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака қатысады.

Билеттер сатылымы

Жеребе тартылған соң келесі күні барлық ойындардың билеттері сатылымға шығады. Матчтар Амстердам қаласындағы Ziggo Dome (сыйымдылығы - 10500) және Гронинген қаласындағы Martiniplaza (сыйымдылығы - 3900) ареналарында өтеді. Билеттердің бағасы 10 еуродан басталады. Оларды knvb.com/futsaleuro және futsaleurotickets.knvb.nl сайттарынан сатып алуға болады.

Футзалдан Еуропа чемпионаты 2022 жылдың 19 қаңтарында басталады. Финал 6 ақпан күні Амстердамда өтеді.


Соңғы жаңалықтар