Бүгін Мадридте БҰҰ-ның климат жөніндегі 25 конференциясы басталады

МАДРИД. ҚазАқпарат – Мадрид жоғары деңгейдегі кездесуді өткізуге қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап.
Испания астанасында 2 -13 желтоқсан аралығында климаттың өзгеруіне байланысты «БҰҰ» климат өзгерiстерi жайындағы рамалық конвенциясы конференциясының 25 сессиясы өтеді.
Алдында Чилиде өтуі тиіс болған саммитке 196 елдің делегациясы қатысады деп күтілуде. Олардың ішінде 50-ге жуық мемлекеттің басшылары бар.
Айта кетер жайт, Испаниядағы алқалы жиын Чилидің төрағалымен өтпек. Испания Экология министрі Терес Рибер: «Таяу уақытта конференция өткізілетін орын Испания территориясы емес, БҰҰ мен Чили аумағына айналады. Климатты қорғауға белсене кірісетін кез келіп жетті»,-деп атап өтті.
Келіссөздердің басталуынан бір апта бұрын БҰҰ сарапшылары баяндамаларын жария еткен болатын. Онда Жер бетіндегі парниктік газдар жиынтығының рекордтық деңгейге көтерілгендігі, Париждегі климат жөніндегі келісімде қабылданған міндеттемеге қарамастан өнеркәсіптің өсу қарқыны төмендемей отырғандығы көрсетілген еді.
- Ластаушы шығарындылардың тіркелімі туралы хаттама ратификацияланды
- Шымкентте қала тазалығына үлес қосқан тұрғындар марапатталды
- ЖЭО-2 немесе автокөлік: қаланы қайсысы көбірек ластайды
- Алматыда «Kazakhstan Urban Conference 2019» форумы өтіп жатыр
-
Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды
-
16 жастағы Грета Тунберг Time нұсқасы бойынша «Жыл адамы» атанды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам