Бүгін тағы да Ақтөбеде ауа ластанады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ақтөбе қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«15 мамырда Ақтөбе қаласында ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады», -делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, ауа сапасы Ақтөбеде кеше де ластанған болатын.




Соңғы жаңалықтар