Бүгін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес Бірлескен мәлімдеме жасайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес Бірлескен мәлімдеме жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

Жиында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық одақтың ұзақ мерзімді орнықтылығы сауда процестерінің тұрақтылығына тікелей байланысты екендігін атып өтті.

«Қазіргі уақытта сауда - «төрт еркіндіктің« ең басты бағыты. Еуразиялық даму банкі бірлескен жобамыз бар. Бұл банк дағдарыстан кейінгі кезеңдегі бірлескен жобаларымызды қаржыландырудың тиімді құралы болуға тиіс. Бүгінде Қазақстан коронавирусты анықтайтын тест жүйесін әзірлеп, вакцина дайындауға кірісіп кетті. Осындай жұмыс Одақтың басқа да елдерінде жүргізілуде. Бұл салада Ресейдің де жетістігі мол.

Біз ақпарат алмасу, індетті анықтаудың инновациялық тәсілдерін және оны емдеудің жолдарын әзірлеу, елдеріміз арасындағы ғылыми ынтымақтастықты күшейту мәселелері бойынша өзара іс-қимылдарды жандандыра түсуіміз керек.

Мемлекеттерімізде карантин режимінің енгізілуіне байланысты цифрлық тауарлар мен қызметтерге сұраныс артқанын көріп отырмыз. Сонымен қатар цифрлық инфрақұрылымның сапасы мен сенімділігінің аса маңызды екеніне көз жеткіздік»,-деді ҚР Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы комиссияға мүше-мемлекеттер үкіметтерімен бірлесіп аталған бағытта ынтымақтаса жұмыс жүргізу үшін нақты ұсыныстар жобасын дайындауды ұсынды.


Соңғы жаңалықтар