Бұқтырмада 200 келі балық аулаған браконьерлер ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында заңсыз балық аулаған 4 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Алтай ауданындағы Бұқтырма су қоймасының жағалауына рейдке шыққан.

Шара барысында Октябрьский кентінің маңында балық аулаған 4 браконьер ұсталды.

«Тексеру кезінде ер адамдардың балық аулауға рұқсат құжаттарының жоқтығы анықталды. 33-44 жас аралығындағы азаматтардан 2 қайық және 200 келіден астам рипус балығы тәркіленді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігіне (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар