Бұқтырмадағы көпір құрылысы 3 жылда аяқталады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шығыс Қазақстандағы Күршім мен Көкпекті аудандарын жалғайтын «Қызыл ту» өткеліне көпір салынатыны белгілі.

Көпір құрылысы бойынша өткен конкурстың жеңімпазы болып «ОблШығысЖол» компаниясы атанған болатын.

«Биыл құрылысқа республикалық бюджеттен 700 млн теңге, облыстық бюджеттен 300 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар республикалық бюджеттен тағы бес миллиард теңге жұмылдыруға өтініш жіберілген. Қазіргі уақытта көпір құрылысына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ең алдымен, жағалау тіректерін орнату қажет. Жоспар бойынша тірек саны төртеу болады. Негізгі жұмыстар кезінде қолданысқа уақытша көпір салынады», - делінген ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінде.

Көпір құрылысы жобасының жалпы құны – 30 млрд теңге. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 3 жылда аяқталады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін көпір құрылысын жүргізетін жұмысшылар үшін 250 орындық жатақхана қалашығының құрылысы басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Қазірде ғимараттың қаңқасы қаланып қойды.

Соңғы жаңалықтар